Skip to Content

СТУДЕНТТІК БІЛІМ БЕРУ КРЕДИТІ

«Қаржы орталығы» АҚ

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Білім беру кредиттері: Оқу ақысын бүгін төле!

  • кепілзатсыз;
  • кредит мерзімі 12 жылға дейін;
  • кредитті өтеу ЖОО-ды бітіргеннен соң 6 айдан кейін;
  • кредиттің сомасы шектелмейді;
  • тек Қазақстан ЖОО-дарында оқу үшін кредит беру.

 

Білім беру салымы: Балаңыздың келешек оқуына қаражат жижинақта!

  • Салымның минималды сомасы – 3 АЕК (6363 тенге 2016 жылда);
  • Табыстылығы 22,2%-дейін:  

          - банктің сыйақысы 14%-дан;                                                                              

          - мемлекет сыйлықақысы 5% немесе 7% (әлеуметтік категория).

  • Қазақстан және шет елдерінде оқу ақысын төлеу;

 

 

Кеңес:

 «Қаржы орталығы» АҚ:

Мекен-жайы: Астана қ, Орынбор көшесі, 18
Тел/факс: 8 (7172) 695-060, 448-868

        8 800 080 28 28 (тегін)  
Сайт:
www.fincenter.kz

Жастар білім беру порталы:www.ya-student.kz

E-mail: fincenter@fincenter.kz

СТУДЕНТТІК БІЛІМ БЕРУ КРЕДИТІ  

 

Қазақстанның колледждері мен ЖОО-ларда білім алудың ыңғайлы жолы. 

 

Бүгінде ҰБТ тапсырған көптеген талапкерлер «Егер білім грантын ала алмасам, не істеймін?», «Колледжде және ЖОО-да оқу үшін ақшаны қайдан табамын? Оқуға қалай төлеймін?» деген сұрақтармен бас қатыруда.  

Шешімсіз жағдай болмайды. Сондықтан, бұл мәселенің де шешімі бар, ол – білім беру кредиті.

Ендеше білім беру кредитін қайдан, қандай шарттарда алуға болатынын және білім беру кредиттерінің әдеттегі кепілзатсыз несиелерден несімен ерекшеленетінін түсіндіріп өтейік. Мұны білу шынымен өте маңызды!

Әрине, білім грантын талапкерлердің барлығы бірдей иелене алмайтыны белгілі. Өйткені, гранттардың саны санаулы, ал оған үміткерлер қатары өте көп.

Осыған орай, мемлекет грантқа өтпегендер үшін мемлекеттің кепілдігімен білім беру кредитін алуға жағдай жасап отыр. Мұндай кепілдікті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Қаржы орталығы береді. 

Білім беру кредиттері жүйесін енгізу және дамыту талапкерлер үшін білім алуды жеңілдету амалдарының бірі болып табылады. Бұған қоса, студенттердің оқуды бітіргеннен кейін лайықты жұмысқа тұрып, несиенің сомасын өтеу үшін жақсы оқуға ынтасы да күшейеді.

Жалпы, білім беру кредитін алу мәселесін ақылға салып, жете түсініп алып қарастыру қажет. Ол үшін алдымен, білім беру кредиттеріне кеплідік беру бағдарламасына қатысатын банктерге хабарласып, кеңес алу керек. Банкті таңдауда тиімді пайыздық мөлшерлемеге және несиелеу мерзіміне назар аударған жөн.

Ендеше, мемлекеттің кепілдігімен берілетін білім беру кредиттерінің әдеттегі  тұтынушылық не кепілзатсыз кредиттерден айырмашылығы неде?

Пайыздық мөлшерлемесі мен несиелеу мерзімінде – мемлекеттің кепілдігімен ұсынылатын кредиттер әлдеқайда қолжетімді шарттарда беріледі.

Кредиттің сомасы шектеусіз, бастысы – барлық оқу кезеңі үшін оқудың құнынан аспауы тиіс. Тағы бір маңызды жайт, оқу кезеңіне және оқуды бітіргеннен кейін жарты жылға негізгі қарыз сомасын өтеу бойынша мерзім ұзартылады, яғни жеңілдікті кезең беріледі. 

Әр банктің шарттары әртүрлі және пайыздық мөлшерлемелер де жылдық 10 %-дан, несиелеу мерзімі 10-12 жылға дейін.

Өтінімді қарау және кредит беру рәсімі төмендегідей жүреді. Қаржы орталығы, сондай-ақ банктердің аймақтық филиалдары талапкерлерге/студенттерге және олардың ата-аналарына кредиттің берілу және оны өтеу шарттарын түсіндіре отырып, кеңес береді.  Талапкер/студент қажетті құжаттар пакетін жинап, оны банкке тапсырады. Қаржы орталығы мен банктің кредит беру туралы оң шешімі шыққан соң оқу орынның есепшотына кредит сомасы аударылады.

Барлығы оп-оңай және сенімді. Ең бастысы, оқудың құны қанша болатынына қарамастан білім беру кредитінің арқасында қалаған мамандығыңыз бен оқу орынын таңдауға мүмкіндігіңіз бар.   

Енді оқудың құнын қалай төлейсіз – қаражатты өз күшіңізбен табасыз ба, әлде білім беру кредитіне жүгінесіз бе, соны шешу ғана қалды.

Бастысы, сапалы білім сүйікті мамандық, абыройлы жұмыс және лайықты жалақыға барар жол екендігі естеріңізде болсын.

Білім беру кредиті туралы толығырақ ақпарат алу үшін төмендегі мекенжайлар мен байланыс деректері бойынша «Қаржы орталығы» АҚ-ға хабарласыңыздар: 

Call-орталық: 8 (800) 080-28-28 (қоңырау шалу тегін).

Астана қ.,  Орынбор к., 18.

8 (7172) 695-044 (-045, -047), ішкі н.: 114, 116, 118, 157, 158. 

 

Веб-сайт: www.fincenter.kz.



Абзал Орымбетов | page