Skip to Content

Ректордың экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі

Нұрашева Күләнда Кулбосыновна

Ректордың экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор

 

Білімі

1970 жылы Қазақ химия-технология институтын «Экономика және химия өнеркәсібін ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірді.

1975 жылы Серго Орджоникидзе атындағы Мәскеу инженерлік-экономикалық институтында кандидаттық диссертация қорғады.

2009 жылы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Экономика институтында «Қазақстан Республикасында өңірлік жүйелердің қалыптасуы мен дамуы: реттеу теориясы, әдіснамасы және механизмдері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

 

Еңбек жолы

1970-1972ж. – ҚазХТИ экономика кафедрасының ассистенті, 1972-1975ж. – Мәскеу инженерлік-экономикалық институттың аспиранты, 1975-1986ж. – ҚазХТИ экономика кафедрасының аға оқытушысы, 1986-1995ж. – экономика кафедрасының меңгерушісі, соңынан экономикалық теория кафедрасының меңгерушісі, 1995-1998ж. – «Шымкентмұнайоргсинтез» АҚ Бас директорының кеңесшісі, бөлім бастығы, 1998-2002ж. –МИРАС университеті экономика және қаржы факультетінің деканы, 2002-2009ж. – ғылыми жұмыстар проректоры, МИРАС университетінің ғылым және даму жөніндегі вице-президенті, 2009ж. – 2014ж. – М.Әуезов атындағы ОҚМУ Мониторинг және сапаны басқару департаментінің директоры, 2015 ж. бастап ректордың кеңесшісі.

 

370-тен астам ғылыми еңбегі жарияланды, олардың ішінде

  1. Educational area of the Central Asian region: problems and prospects of integration. World Applied Sciences Journal. Issue 30 “Innovation Challenges in Multidisciplinary Research & Practice”, Kuala-Lumpur, 2014, N 14, pp. 131-140.
  2. Eurasian Integration of Education Space: Problems and Prospects/ The Macro theme Review “A multidisciplinary journal of global macro trends” conference. Paris, 2013. - P.58.
  3. Современное состояние и перспективы развития рынка ценных бумаг в Казахстане. Международный журналприкладных и фундаментальных исследований. Москва, Выпуск № 9, - 2014, С. 178-180.
  4. Текстильная отрасль Казахстана:  некоторые проблемы и возможности развития. «Известия ВУЗов. Технология текстильной промышленности». Иваново, 2015.- № 3(363). - C. 39-41.
  5. Titanium: state and perspectives of production development in Kazakhstan”. International Journal of Contemporary Applied Sciences (IJCAS). UK, London. Volume 3, No. 1, January2016. рр.53-66. (ISSN: 2308-1365) IF=0,521.
  6. Model quality assurance. 7th International Conference on Education, Training and Informatics: ICETI 2016, USA, Florida.

 

Наградалары

19 құрмет грамотасы бар, оның ішінде «Білім» республикалық қоғамының, Қазақ КСР ағарту министрлігінің, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің, ҚР   Білім министрлігінің,  Қазақстан ғалымдар одағының, Облыс әкімінің құрмет граматолары. ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының дипломы және Ганс Зейдель атындағы Германия қоғамының дипломы, IV Астана экономикалық форумының дипломы , «Құрмет белгісі» ордені (1986ж.), ОҚО 80 жылдығы медалі (2012ж.), Кейс (CaseStudy) жазу бойынша CARANA корпорациясының гранты, ACCELS гранты, «Шақырылған профессор», «Бизнес этикасы және сыбайлас жемқорлық» құралын жазу бойынша USAID гранты, АҚШ Елшілігінің «Америка университеттеріне сапа» гранты, CARANA/B&EЕ «Кредит-сағат пен Офис-тіркеушіні ендіру бойынша пилоттық орталықты ұйымдастыру» грантын үйлестіруші, ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» гранты (2008ж.), Ы.Алтынсарин медалі (2015ж.).



Абзал Орымбетов | page