Skip to Content

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

мемлекеттік қолдаудың тиімді шарасы ретінде

 

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі – ақылы кәсіптік-техникалық, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім алуда халыққа қолдау көрсетуге бағытталған мемлекеттік бағдарлама.

Бұл бағдарламаның арқасында Қазақстанның әрбір азаматы үшін өзінің не баласының Қазақстанда немесе шетелде оқуына ақша жинақтауға ұтымды мүмкіндік пайда болды.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі қалай жұмыс істейді?

Әдеттегі депозиттерден басты айырмашылығы:

Белгілі болғандай, білім беру депозитіне 14% (ЖТМ 15,2%) мөлшеріндегі банк сыйақысынан бөлек 5%-7% мөлшерінде мемлекеттен сыйлықақы есептеледі. Бұл оның басқа депозиттерден басты айырмашылығы болып табылады. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы салымшылар басымдылықты санатқа жатқызылып, 7 % мемлекет сыйлықақысын алады. Оларға жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектер, аз қамсыздандырылған отбасындағы балалар және көпбалалы отбасындағы балалар жатқызылады. Басқа салымшыларға жыл сайын банктің сыйақысын қоса есептегендегі салымдағы жалпы сомаға 5% мөлшерде, бірақ 100АЕК-тен аспайтын сомада мемлекет сыйлықақысы есептеледі. 

Осылайша, бұл депозиттердің 22,2 % дейінгі жоғары табыстылығына қарап, білім беру жинақтарының тартымдылығы мен ұтымдылығы жөнінде сенімді түрде айтуға болады.

Білім беру жинақтау депозиттеріне жинақтау есептемесінің үлгісі:  

5 жыл

Депозиттің мерзімі

10 жыл

14%

Банктік пайыздар

14%

5%

Мемлекет сыйлықақысы

5%

17 000

Ай сайынғы төлем

8 500

493 794

Банк сыйақысының сомасы

1 480 733

220 975

Мемлекет сыйлықақысының сомасы

600 360

1 020 000

Салымшының жарналары

1 020 000

1 717 769

Жалпы жинақталған сома

3 084 093

       

 

Білім беру жинақтау депозитінде қаражат жинақтау арқылы салымшы банк сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысының капиталдандырылуы есебінен оқуға шығыстарды едәуір үнемдей алады.

 

Басқа сөзбен айтқанда, мемлекет оқуға шығыстардың айтарлықтай бөлігін өз мойнына алады.

Шотты толықтырып тұру жиілігін салымшы өзі белгілейді. Шотты бала дүниеге келгеннен бастап ашуға болады. Бұл жағдайда жинақтаудың максималды мерзімі 20 жыл болады.

Грантқа ие болған жағдайда барлық жинақталған қаражатты қолға алуға, басқа баланың атына аударуға немесе жинақтауды жалғастыруға болады.

Депозитті ашу үшін жеке куәлік пен баланың туу туралы куәлігі ғана қажет.

Қазақстандықтар үшін мемлекеттен пайыздық бонустар ала отырып, балаларының оқуына ақша жинақтаудың жаңа тетігі жұмыс істейді

 

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі


         Қазақстанда 2013 жылдан бастап Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) қызметін бастады.

Жүйе Қазақстан Республикасының әр азаматына өзінің атына немесе баланың атына білім беру жинақтау салымын ашып, оны болашақта Қазақстанның және шет елдердің колледждері мен ЖОО-ларында оқудың ақысын төлеу үшін жұмсауға мүмкіндік береді. Жүйенің операторы «Қаржы орталығы» АҚ болып табылады.

Бүгінгі таңда 15 000 жуық білім беру жинақтау салымы ашылды.

         Білім беру жинақтау салымына МБЖЖ-ға қатысушы банктен ай сайын жылдық 10% сыйақы мен жыл сайын мемлекеттен 5% немесе 7% (жеңілдікті санаттағылар үшін) сыйлықақы есептеледі: 

 

Білім беру жинақтау салымының артықшылықтары:

  • Мемлекет сыйлықақысына табыс түрі ретінде салық салынбайды; 
  • Білім беру жинақтау салымдары 10 млн. теңгеге дейін Қазақстандық салымдарды кепілдендіру қорының нысаны болып табылады;
  • Минималды бастапқы жарна – 3АЕК (2016 ж. 6 363 теңге);
  • Жинақтау мерзімі – 20 жылға дейін;
  • Мемлекеттің атынан ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның 100% кепілдігімен банктен білім беру кредитін алу мүмкіндігі бар. 

 

Білім беру гранты тағайындалған салымшының құқығы: 

  • жинақты мемлекет сыйлықақысымен бірге алу;
  • ақшаны басқа баланың атына аудару;
  • білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыру.

 

Білім беру жинақтау салымын ашу үшін қажетті қадамдар:

 

1-қадам – МБЖЖ-ға қатысушы банктердің бірін таңдау.

2-қадам–  Білім беру жинақтау салымын ашу.

3-қадам – Бастапқы жарнаны енгізу.

 

Құжаттар:

-  ата-ананың бірінің жеке куәлігі;

- баланың туу туралы куәлігі және ЖСН.



Абзал Орымбетов | page