Skip to Content

Кәсіподақ

«Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ОҚО кеңесі» Қоғамдық бірлестігінің  филиалы  - М. Әуезов атындағы ОҚМУ қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы.

 

М. Әуезов атындағы ОҚМУ қызметкерлер кәсіподақ ұйымының төрағасы-Қуаныш Абайұлы Мұсабеков

 

Мекен жайы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Тауке-Хан даңғылы 5, № 4 ғимараты, 123 бөлме,  тел.: (87252) 211 - 974  

 

Кәсіподақтың жалпы ережелері.

         «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ОҚО кеңесі» қоғамдық бірлестігінің (ОҚО әділет департаментінде 07.04.2010 жылы мемлекеттік қайта тіркеуден өткен, куәлік № 8426-1958 ҚБ), (бұдан әрі – облыстық кәсіподақ кеңесі) филиалы – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы (бұдан әрі – М.Әуезов атындағыОҚМУ қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы) өндірістік – салалық принцип бойынша құрылады.

         Кәсіподақ ұйымын кұру туралы шешім, облстық кәсіподақ кеңесінің сайланбалы жоғары органының келісімімен, бастауыш, цехтық кәсіподақ ұйымдарының бастамасы бойынша шақырылған құрылтай жиналысында, конференциясында қабылданады. Құрылтай жиналыстың, конференцияның хаттамасы, есепке қою үшін облыстық кәсіподақ кеңесіне он күн мерзімде жіберілуі керек

         М. Әуезов атындағы ОҚМУ қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы обылыстық кәсіподақ кеңесінің филиалы болып танылуы үшін обылыстық кеңесінің сенім хаты бойынша әділет органында есептік тіркеуде тұрады. Есептік тіркеу обылыстық кәсіподақ кеңесі бекіткен бланкі үлгісіне, мөрге және банкіде есеп ашуға құқық береді. Кәсіподақ ұйымының қызмет ету мерзімі шектелмеген.

         М. Әуезов атындағы ОҚМУ қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңы, қолданыстағы заңнамалар, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Оңтүстік Қазақстан облыстық кеңесінің Жарғысы және осы Ереже негізінде жүргізеді.

         Филиалдың фирмалық атауы: Мкмлекеттік тілде – «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Оңтүстік Қазақстан облыстық кеңесі» Қоғамдық бірлестігінің филиалы – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы. Орыс тілінде – Профсоюзная организация сотрудников Южно-Казахстанского государственного университета имени М. Ауезова – филиал Общественного объединения «Южно-Казахстанский областной совет профсоюза работников образования и науики»

Кәсіподақтың атқаратын міндеттері мен қызметтері:

  • кәсіподақ кеңесінің мүшелеріне заң тұрғысынан көмек көрсету,
  • М. Әуезов атындағы ОҚМУ қызметкерлерінің мүдделерімен құқықтарын қорғау.
  • кәсіподақ мүшелеріне қайырымдылық пен басқада қаржылай көмек көрсету,
  • өткізілетін денсаулық спорттық және мәдениеттік іс шараларын қаржыландыру,
  • кәсіподақ мүшелеріне жеңілдеткен медициналық қызмет көрсету үшін жағдай жасау,
  • кәсіподақ мүшелеріне және олардың отбасына жазғы мезгілде жеңілдетілген демалыс ұйымдастырады.

         Басқа кәсіподақ кеңестерімен, олардың бірлестіктерімен және басқада заңды тұлғаларымен әлеуметтік серіктестік негізінде, теңділік және бір-бірімен сыйластық жағдайда қарым -қатынастық жасайды.

         «Кәсіподақтың» мақсаттары ұжымдық шарт және басқада келісім шарттары арқылы, қызығушылық білдіретін жақтармен бірлесіп тікелей жүзеге асырады.

         «Кәсіподақ» университетте өткізілетін әлеуметтік - мәдени және сауықтыру – спорттық іс шараларға тікелей қатысады.

         «Кәсіподақ» Жарғысының мақсатына жету үшін конференцияның шешімімен ерікті бастамасымен ассоциацияларға / кеңес/ және басқада Қазақстан Респуликасының қоғамдық бірлестіктеріне кіруге болады.

         «Кәсіподақ» Қазақстан Респуликасының заңдарына, Жарғысына қайшы келмейтін басқада мәселелерді шешеді.

         М. Әуезов атындағы ОҚМУ – дың қызметкерлерінің кәсіподағында 3875 кәсіподақ мүшесі бар. Кәсіподақ комитеті 15 адамнан құрылған.
         Ұжымдық шарт 2011жылдың 10ақпанында үш жыл мерзіміне қабылданып бекітілді. Бұл жерде кәсіподақ комитеті бүкіл ұжымның сондай-ақ , «кәсіподақтың» мүшесі емес қызметкерлерінің де атынан өкілетті міндетін атқарады.
         Кәсіподақ комитеті ұжымдық шарттың орындалуын қадағалап отырады. Жылына бір рет кәсіподақ комитеті мен ректорат бірлесіп ұжымдық шарттың орындалуын қарайды.

         Кәсіподақ комитеті Одақтың орындаушы орган ретінде конференция шешімдеріне сәйкес және бекітілген іс-шара жоспары бойынша қызметін атқарады. Комитет мәжілісі қажет ететін жағдайға байланысты, бірақ айына бір реттен кем емес өткізіледі.

Кәсіподақ комитеті құрамында сегіз комиссия құрылған, олар

  • бұқаралық – кәсіптік қызметі,
  • ұйымдастыру мәселелері,
  • тұрмыс жағдайлары,
  • әйелдер арасындағы жұмыстары,
  • бұқаралық – мәдениетті жұмыстары,
  • денсауықтыру - спорттық жұмыстары,
  • университет қызметкерлерінің еңбегін қорғау,
  • еңбек тәртібін сақталуын тексеру бойынша комиссиялары.

         Олар жұмысын кәсіподақ комитеті бекіткен іс жоспары бойынша жасайды және оның алдында жұмысы туралы есеп береді.

         Университеттің жүйесіне сәйкес «Кәсіподақта» 17 бастауыш кәсіподақ бюролары құрылған. Кәсіподақ комитеті мәжілісі барысында кәсіподақ бюроларының, комиссиялардың атқарған жұмысы туралы, атап айтқанда еңбек жағдайлары жөнінде, медициналық және қоғамдық тамақтандыру мекемелері есептері тыңдалады; сонымен қатар қызметкерлердің, олардың жан ұяларының демалысын ұйымдастыру, түрлі іс шаралар, кезекті кәсіпкерлік конференцияны өткізу, қайырымдылық жәрдем көрсету, қызметкерлерді марапаттауға ұсыныс жасау туралы шешімдер қабылданады; өтініштері және шағымдары қаралады. Ғылыми кеңес және ректораттың шешімдері туралы мәліметтер тыңдалады. Кәсіподақ комитеті төрағасы ғылым кеңесінің және ректораттың мүшесі болып табылады, кәсіподақ облыстық кеңесінің пленумдеріне және басқада іс шараларына қатысады.
         Кәсіподақ комитетінің мүшелері университеттің түрлі комиссияларының жұмысына қатысып отырады: оқытушылар - профессорлік құрамының лауазымы бос орындарын толтыру конкурсын өткізу, қосымша жалақы тағайындауында ұсыныс жасау, құқық бұзушылықты алдын алу және сыбайлас жемқорлықпен күресу кеңесі және тағы басқада комиссиялар.

         Кәсіподақ комитеті университет ұжымының өз мойнына алған оқыту-өндірістік, ғылым және тәрбиелеу сала бағытында міндеттерін ойдағыдай орындалуына жәрдемдеседі.Осы мақсатта университеттің барлық жүйелерімен, сонымен қатар ардагерлер кеңесімен, жастар істері комитетмен, әйелдер кеңесімен, халықтардың кіші ассамблеясымен қарым қатынас жасайды.

 

         Кәсіподақ комитеті университетте «Сұңқар» атты ерікті спорттық клубының құрылуына бастауыштардың бірі болды.Машат шатқалында орналасқан университеттің оқыту-тәжірибелік орталығында кәсіпком ректоратпен бірлесіп студенттердің оқыту – тәжірибесінің өтуін, қызметкерлердің демалысын ұйымдастырып отырады. Шипажайлардың жолдамаларымен емделуге мұқтаж қызметкерлерді қамтамасыз етеді.

         «Кәсіподақ» және университет басшылығы еңбек, экономикалық - әлеуметтік және кәсіптік қарым – қатынастарды жасау саласында өзара түсініктік негізінде, сондай-ақ әр жақтың мүддесін ескере отырып құрады, конфронтацияға бармауды, қайшылық мәселелерді келіссөзбен, ақылдасу жолымен шешуді міндеттенеді.



Абзал Орымбетов | page