Skip to Content

Конституция Күні.

         29.08.2017 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Конституция Күніне арналған іс-шара болып өтті. Іс-шараны университеттің оқу ісі және ақпараттық технологиялар жөніндегі проректоры Қ.С.Байболов құттықтау сөзімен ашты. Өз сөзінде университеттің профессор-оқытушылар құрамын Конституция күнімен құттықтап, қатысушыларға табыстар тіледі. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 2016 жылғы қорытындысы бойынша QS World University Ranking  әлемдік университеттік  рейтингінде тұнғыш рет топ-501+  құрамына еніп 2-ші орынға ие болуымен және М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың педагогикалық ұжымы мен студенттерін 2017 жылғы Қазақстан Республикасының үздік  ЖОО орындарының Ұлттық рейтингісінде құрметті 3-ші орын иеленуімен ерекше атап өтіп құттықтады.



Абзал Орымбетов | news