Skip to Content

Жобаларды дайындау және рәсімдеу бөлімі

 
 
Бажиров  Тынлыбек  Сайфутдинович
Техника ғылымдарының кандидаты 
Бөлім басшысы
ЩЖҚ РМК «М.Әуезов атындағы ОҚМУ» 
№16 ғимарат, 210 бөлме
tynlybek.bazhirov@gmail.com 
жұмыс сымтетігі.:+7 (7252) 30-08-57,  
ұялы телефон.: +7 707 7973252
 
 
 
 
        Жобаларды дайындау және рәсімдеу бөлімінің негізгі міндеттері 
        Әлемдік ғылымдағы өзық ғылыми жетістіктерді, алдыңғы қатарлы-«озық» технологиялар саласында Әлемде дамыған және жылдам дамып келе жатқан елдердің ғылыми жетістіктерін ОҚМУ-нің ғылыми іс-әрекеттеріне пайдалану мақсатында әрдайым талдау жұмыстарын жүргізу.
        Университеттің ғылыми зерттеу институттарының, ғылыми орталықтардың және зертханалардың ғылыми бағыттарын басым және озық технологиялар саласына үйлестіру.
        Университет ғалымдарының және инженерлерінің ғылыми жетістіктерін өзық технологиялар қатарына жүзеге асыру мүмкіндіктерін анықтау мақсатында әрдайым талдау жұмыстарын жүргізу.
        Озық технологиялар жасау бойынша университетте құрылып жатқан ғылыми топтардың, Ғылыми орталықтардың, Ғылыми зерттеу институттарының, мәселелік зертханалардың жұмыстарын,  Қазақстан экономикасын дамытудың стратегиялық міндеттерін шешуге мақсатты бағытталуын ұйымдастыру.
        Озық технологияларды әрекеттегі кәсіпорындардың өндірістік іс әрекеттеріне немесе жаңа кәсіпорындар құру үшін, озық технологиялардың ғылыми – техникалық құжаттарын кәсіпкерлік және серіктестік орталығына және ғылыми жасалымдарды коммерциялау кеңсесіне тапсыру.
        «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде 2017 жыл 13 наурызда Аға ғылыми қызметкерлер тобы және кіші ғылыми қызметкерлер топтарына арналған гранттық бағдарламаға қатысушыларға арналып семинар өткізілді.

        Жобаларды басқару топбының гранттар бойынша менеджерлері АҒҚТ және КҒҚТ арналған гранттық бағдарлама бойынша конкурс талаптарын түсіндіріп өтті, атап айтқанда конкурсқа құжаттарды дайындау, сатып алу ережелері, ұсынымдар берілетін порталды қолдану бойынша нұсқаулар және т.с.с. сонымен қатар жобаларды басқару тобының менеджерлері қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Семинар барысында онлайн-тәртіпте өнімді инновацияларды ынталандыру бағдарламасының технологиялық брокерлері технологияларды коммерциализациялау және интеллектуалды меншікті қорғау сұрақтары бойынша кеңестерін берді. 

        Негізгі жетістіктер
        Ағымдағы жылдың сәуір айында білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясындағы «Инновация бойынша білім базасын дамыту» 1 –бөлік шеңберіндегі Аға ғылыми қызметкерлер тобы (АҒҚТ) және кіші ғылыми қызметкерлер топтарына (КҒҚТ) арналған гранттық бағдарламаға университет ғалымдарының 23 өтінімі тапсырылды. Барлық тапсырылған өтінімдер техникалық тексеруден өтіп, ары қарай қарастыруға қабылданды.


Абзал Орымбетов | page