Skip to Content

Жаңалықтары

Еуропаның ең көне және беделді білім беру  орны - Пиза университетіндегі  тренинг.

2016 жыл  мамыр айының 9-13 аралығында  Эразмус+ бағдарламасы аясында серіктес-жоғары оқу орындары университеттері үшін  Пиза университетімен бірлесе отырып өткізілген әкімшілік  қызметкерлер тренингісіне  Болон  процесі және академиялық  ұтқырлық орталығының директоры И.Е. Ефимова қатысты.  

Тренинг  Пиза университетінің  әртүрлі  Департаменттерімен  танысуға  және жеке департамент  үйлестірушілерімен тығыз байланыстар орнатуға мүмкіндік берді, халықаралық  тренинг қатысушылары үшін Орталық директоры ОҚМУ-дің презентациясын өткізді. 

Тренинг барысында Эразмус+КА107  аясында Пиза университетімен екіжақты келісімшартты жүзеге асырудың тиімді механизмдері талқыланды, ОПҚ мен білім алушылардың  ұтқырлығын ұйымдастыру бойынша  тәжірибелі  ұсыныстар алынды. 

Келіссөздер жүргізу  нәтижесінде QS Әлемдік рейтингтің 51-100 Топына енетін  Пиза университетінің АТ технологиялар мен компьютерлік ғылымдар салалары бойынша  екіжақтылық келісімшарт  жасалынды. Осы өзара әрекеттесу  бизнес  информатика саласында  ОҚМУ ОПҚ машықтанудан өтуді, АТ бағыты бойынша магистрлік бағдарламаларды келістіру, Пизада ОҚМУ магистранттарының  ұтқырлығын ұйымдастыруды көздейді.  


М. Әуезов атындағы ОҚМУ оқытушылары  мен студенттері!

2016 жылдың 20-ші-маусым аралығында Румынияның ірі жоғары оқу орындарының бірі (PhD), Яссы қаласында орналасқан А.И.Кузы атындағы Яссы университетіне 2015-2016 оқу жылында  ұтқырлық бойынша қатысуға  сұраныстардың ашық екендігін хабарлаймыз.

Ұсынылған стипендиялар мен жеңімпаздарды таңдау процедурасы бойынша ақпаратты бағдарламаның ресим сайтынан табуға болады: https://erasmusplus.uaic.ro/.

Бағдарламаға қатысу бойынша бас ғимараттың 249 бөлмесіне, Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығына келулеріңізге болады.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ жоба үйлестірушісі: Анастасия Ковалева



Абзал Орымбетов | page