Skip to Content

Білім күні.

         2017 жылы қыркүйектің 4-ші жұлдызы күні сағат 10-00-де М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Қызғалдақ» су бұрқағы аланыңда Білім күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік іс-шараны құттықтау сөзбен университет ректоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА Академигі, Ж.Ү.Мырхалыков ашты. Өз сөзінде биылғы оқу жылында студент атанған жастарды және унивесрситет профессор-оқытушылар құрамын жана оқу жылымен құттықтап, оларға табыстар мен жетістіктер тіледі. Іс-шараға шақырылған қонақтар: Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы И.Ө.Сағындықов және ОҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы М.С.Сейтжапбаров студент жастарды жаңа оқу жылымен құттықтап, оқуда озат, алдыңғы қатарлы, белсенді студент болуға шақырды. Оқуға қабылданған 1 курс студенттері салтанатты түрде ант қабылдады. Қоғамдық кәсіптер факультеті қызметкерлерінің қатысуымен ҚР, түрлі халқтарының ән-биінен концерттік бағдарлама орындалды.



Абзал Орымбетов | news