Skip to Content

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ – 14: Жаңа жаһандық ахуалдағы Қазақстанның білім мен ғылымдағы инновациялық әлеуеті» атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

 

Елі: Қазақстан Республикасы

Өткізілетін орны: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5.

Өткізу уақыты: 14-15 сәуір 2016 ж.

Ұйымдастырушы: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

 

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

                 1.  Кен өндіру мен химиялық технологияның, силикат материалдары және металлургия, нанотехнологияларды   дамытудың заманауи бағыттары;

                 2.   ИИД МБ – 2 бағдарламасын жүзеге асыруда тоқыма өнеркәсібін дамытудың келешегі;

                 3.  Тамақ инженериясы және биотехнология;

                 4.  Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешенінің даму жолдары;

                 5.  ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу аясында жаңартылған энергетика, энергия сақтаушы технологиялар мен ресурстар;

                 6.  Құрылыс, машинажасау және транспорт салаларының  өзекті мәселелері;

                 7.  Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;

                 8.  Физика-математикалық ғылымдар, өндірісті автоматтандыру мен IТ-технологиялар саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулер;

                 9.  Аймақтардың индустриалды – инновациялық даму жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық перспективалар;

               10.«Жүз нақты қадам. Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» бағдарламасы контекстіндегі құқық, саясаттану, әлеуметтану және философиялық аспектілері;

               11.«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясындағы білім, мәдениет және өнер саласындағы ғылыми  зерттеулердің жағдайы мен болашағы;

               12.Білім беру аясында инновациялық қызметке болашақ педагогтарды психологиялық-кәсіби тұрғыдан даярлау;

               13.Тұжырымдамалық аспектідегі қазіргі тіл білімі және әдебиеттанудың мәселелері;

               14.Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудағы спорттық - сауықтыру аспектілері;

               15.Тарих және қазіргі заман: Тәуелсіз Қазақстанға 25 - жыл, қазіргі жағдайы және болашағы.

 

Конференция тақырыбы бойынша маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері бар Қазақстан Республикасы  және шетел мемлекеттерінің жоғары оқу орындары мен ғылыми- зерттеу институттарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғалымдар конференция жұмысына қатысуға шақырылады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері. 

Конференцияға қатысу үшін өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтінінің баспа түріндегі (2 данадан)  және электрондық нұсқасы, ұйымдастыру жарнасы (3500 теңге көлемінде) төленгені туралы түбіртектің көшірмесі электрондық поштамен ukgu70@mail.ru немесе төмендегі мекен-жайда 2016 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады: 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, №3 «В» ғимараты, 2 қабат, 207 каб. Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы: т.ғ.к. Махашов Еркин Жумагалиевич – М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ғылыми-зерттеу басқармасының директоры.

Баяндаманы дайындауға қойылатын талаптар:

Баяндама мәтіні (суреттер мен сызбаларды қоса А4 форматында 6 беттен аспайтын) Microsoft Word редакторының мәтінінде терілуі қажет. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі баяндамалар үшін Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі – 11, жоларалық қашықтық – 1, сол жағы – 2,5 мм, қалған жақтары – 20 мм, жаңа жол бойынша шегініс – 1 см) қолданылады. Мақала төмендегідей тәртіппен орналасады: бірінші жолда мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде ӘОЖ   (Әмбебап ондық жіктеу) көрсетіледі,  бір жол төмен – бас әріптермен мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде баяндама тақырыбы (қою қаріппен), бір жол төмен – мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде автордың аты-жөні және тегі, бір жол төмен – мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде мекеме, қала, ел атауы және электрондық адрес (e.mail) беріледі. Келесі жолда курсивпен – орыс тіліндегі баяндамалар үшін түйін және аbstract, қазақ тіліндегі баяндамалар үшін резюме және аbstract, ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін аbstract  150 ден  250 сөзге дейін жазылады. Бір жол төмен мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде кілттік сөздер жазылады, ол 7 сөзден кем болмауы тиіс. Баяндаманың негізгі мәтіні келесі жолда, мақаланың жазылған тілінде басылады. Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін екі нұсқада көрсетіледі, біріншісі түп нұсқада, екіншісі Reference  роман алфавитінде (латыншада) SCOPUS мәліметтер базасында көрсетілетін бұл сілтемелер журналдармен мақала авторларын дәйектеме (цитирование) оқу барысында ескерілетіндей болу керек.

         Баяндама мәтіні түзетілмейді, түпнұсқа болып саналады. Конференция еңбектерінің жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен немесе талаптарға сай келмейтін материалдар жарияланбайды, қаралмайды және қайтарылмайды.

Конференция еңбектерініндегі іріктелініп алынған мақалалар Proceeding Conference SCOPUS мәліметтер базасына енгізілуі жоспарлануда.

 

            Қонақ үйді брондау 2016 жылдың 31 наурызына дейін

 

Құрметті әріптестер! Сіздерден жоғарыда көрсетілген талаптарға сай дұрыс терілген материалдарды жіберу сұралады.

Баяндаманы дайындау үлгісі:

ӘОЖ (10 пт.)

UDC (10 pt.)

 

 МҰХТАР  ӘУЕЗОВТІҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ (11 пт.)

 

ROLE OF MUKHTAR  AUEZOV IN THE DEVELOPMENT

OF KAZAKH LITERATURE (11 pt.)

 

Асқарова Г. (11 пт.)

Askarova G. (11 pt.)

 

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент, Қазақстан (10 пт.)

M.Auezov South Kazakhstan State University, Shymkent, Kazakhstan (10 pt.)

@e.mail

 

Резюме: (10 пт.) 150-250 сөз

  Аbstract: (10 пт.) 150-250 words

 

Кілттік сөздер: 7 сөзден кем емес

Keywords: not less than 7  words

 

Баяндаманың негізгі мәтіні (11 пт.)

             ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Әдебиеттер (11 pt.)

References (11 pt.)

 

Өтініш үлгісі:

Өтініш

1

Баяндамашының тегі, аты-жөні (толығымен)

 

2

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

3

Мекемесі, лауазымы

 

4

Мекен-жайы (индексі көрсетілуі міндетті)

 

5

Телефон, факс (халықаралық байланыс кодымен)

 

6

Баяндаманың тақырыбы

 

7

Секцияның атауы

 

8.

Керекті техникалық құралдар

 

9.

Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі

(иә, жоқ)

 

 

Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз:

Телефон: +7 (7252) 21-06-48, 30-05-71 Факс: +7 (7252) 21-19-89 E-mail: ukgu70@mail.ru

160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5.

М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ШЖҚ РМК банк деректемелері:

ЮКФ АО «Цеснабанк»

РНН: 582100003432

ИИК: KZ 81998STB0000109568

БИК: TSESKZKA

Кбе 16

БИН: 990240005557

ОКПО 39140473

Код ОКЭД 85321



Абзал Орымбетов | news