Skip to Content

«AgriTek» КӨРМЕСІ - ТЕХНОЛОГИЯЛАР/ЖОБАЛАР КОММЕРЦИАЛАНДЫРУ МЕХАНИЗМІ

     Инвестициялық және инновациялық жобалармен Көрмелер және жәрмеңкелерде қатынасу иноваторлар мен ғалымдар үшін технологиялар трансфері мен иноовациялық жобаларын   коммерциаландыру  жолындағы жылжытудың белсенді механизмі саналады.

   Үстіміздегі жылдың 12-14қараша аралығында Шымкент қаласының Нұрсат ықшам ауданы Астана даңғылы бойында орналасқан «Көрме Орталығында» Қазақстан Республикасындағы 3-ші Халықаралық  Ауыл шаруашылық «AgriTek»  Көрмесі ұйымдастырылды.

     Көрмеде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ғалымдары өздерінің ғылым мен технология саласындағы жетістерімнен қатысуында университеттің «Ғылыми жасалымдарды коммерцияландыру офисі» мен «Технологияларды коммерцияландыру офисі» қызметкері мұрындық болды. Көремеге қатысуда университтің  «АӨК және су ресурстары проблемалары» ҒЗИ ғалымдары, «Агроөндірістік» факультеті ғалымдарымен студенттері өздерінің. коммерциаландыру мүмкіндігі жоғары саналған жобаларымен қатысып6  белсенділік танытты.

     Көрмеге дайындық барысында ғалымдарымыздың инновациялық жобалары технологиялық аудиттен өткеріліп, іріктеп алынып, жобалардың презентация материалдарын әзірлеуде коммерцияландыру офисі қолдау көрсетті.      Офис қызметкері Ж.Хусанов қолдауымен  «Ауыл шаруашылық дақылдары өнім түсімін арттырудағы   жоғары  тиімділікке ие экологиялық таза технология» атты жобаның  (ғылыми жетекшісі а/ш ғ.к. М. Тоханов, ҚР патенті № 9201 «Дәнді дақылдар тұқымыдарын  себуден алдын  төменгі жиілікті электромагнитті толқындармен өңдеу»)   презентациялық материалдары,  төменгі жиіліктегі элекромагнит толқындар генераторының тәжиребелік нұсқасы әзірленді. Бұл жоба Көрмеде көпшілік назарын өзіне тартып, қызығушылықтарын танытты.

     Көрме жұмысы барысында «АӨК және су ресурстары проблемалары» ҒЗИ институты директоры, «Агроөндірістік» факультеті ғалымдары коммерцияландыру офисі қызметкері ұсынысымен «Суару Технологиялары  ИРРИГАТОР/Казахстан» - (директоры  Өмірзақ Абдішүкірұлы,  инженері Серік Шылмырзаев),  израильдік  «METZERPLAS irrigation» компаниясының  Казақстадағы және Орталық Азиядағы  эксклюзивтік өкілі ретінде Қазақстанға тамшылатып суару жихаздарын импорттаушы мекеме ретінде қатысты.  Көрмеге қатысушы «METZERPLAS irrigation» компаниясы  инвестерларымен алдын ала келіссөздер жүргізілді. Келіссөз барысында «METZERPLAS irrigation» компаниясының  тамшылатып суару жихаздарын пайдалана отырып, топырақ астымен тамшылатып әдісімен көкөністерді суару тақырыбында   «Арсенал сад»  Ауылдық тұтынушылар кооперативі (төрағасы А. Ақтөреев) шаруашылығында университет ғалымдары тарапынан өндірістік бейімдеу, адаптациялық ғылыми тәжірибелер өткеру бойынша үшжақты алдын ала келісім шарт  түзілді.

     Ең бастысы, Шымқаланың Іскерлік орталығында өткен «AgriTek  Көрмесі  иновациялық жоба авторларына инвесторлармен және ғылым мен технология жетіскерінің тікелей тұтынушылары  саналған диқан -фермерлермен бетпе-бет кездесу мүмкіндігін берді. Инноваторлар мен өнертапқыштар өз жобалары мен жасалымдарына  «сырт көзбен қарай отырып», сұраныстың шамасын, нарықтағы бағаның шамасын, бәсекелес компаниялдардың жетістіктерімен салыстыра отырып, бағамдай алды. Көрмеден алған ұтымды   тәжірибе - келешектегі ғылыми жобалар болашығын айқындап алу арқылы дамудың жаңа сатысына көтерілу мүмкіндіктеріне жол ашатына кәміл сенім артады.



Абзал Орымбетов | news