Skip to Content

«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕГІЗГІ БАСТАУЫ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ»

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да 28 қазан 2015 жылы өткізілетін «Қазақ хандығына 550 жылдығына» арналған «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕГІЗГІ БАСТАУЫ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ»  идеясы тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының өту іс-шарасының

28-қазан 2015 жылы сағат 10: 00 де М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының мәжіліс залында  «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕГІЗГІ БАСТАУЫ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ»  халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізіледі. Конференцияны М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастыруда. Конференцияның ұйымдастырылу мақсаты Қазақстанның ұлттық мемлекеттілігінің негізі, Қазақ хандығының құрылуы кезіндегі Еуразия кеңістігіндегі этникалық -саяси құқықтық үрдістер және қазақ халқы мен оның мәдениетінің қалыптасуы, Қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасуы жайлы археология, этнология және антропология ғылымының деректері, «Мәңгілік Ел» ұлтты идеясын жүзеге асыру – Тәуелсіз Қазақстанның түпкі мақсаты, мәні мен маңызын жеткен жетістіктерін саралап көрсету. Конференцияда тақырыптық баннер дайындалуда. Пленарлық баяндамалар оқылады деп күтілуде. Қазақ хандығының 550 жылдық тарихынан кітап көрмесі ұйымдастырылуда. Конференция жұмысына М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры т.ғ.д., Жұмахан Үшкемпірұлы Мырхалықов аталмыш оқу орнының бірінші проректоры т.ғ.д., Ж.  Айменов, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің  орынбасары Ерлан Қуанышұлы Айтаханов, Мемлекет тарихы Институты директорының орынбасары, т.ғ.к., доцент, Амангелді Нүркеұлы Қашқымбаев, Филиппов Василий Рудольфович  - д.и.н., ведущий научный сотрудник Центра изучения стран тропической Африки ИАфр РАН, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, т.ғ.д.,Исмағұлов Оразақ,  доктор PhD, Түркия Республикасы Айхан Пала, Мыңбаев Нұрлан Жақыпұлы ф.ғ.д., РТҒА корресподент мүшесі, өлке тарихын зерттеуші, Сәбит Дулат облыстық республикалық ақпарат құралдарының өкілдері және университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысады деп күтілуде. Конференция жұмысында белгіленген 4 тақырып аясында секциялар жұмыс істейді.



Абзал Орымбетов | news