Skip to Content

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы жаңалықтары

2017 жылғы 16 ақпанда М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының мәжіліс залында «Қазіргі таңдағы терроризм және діни экстремизмнің алдын алудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды. 

Дөңгелек үстелдің ұйымдастырылу мақсаты. Қазіргі әлемдегі діни экстремизм мен терроризм, оны болдырмаудың қажеттілігі, діни төзімділік пен ұлтаралық келісімді сақтау мәселелері, қазіргі таңдағы ислам дініне жат ағымдар,  ҚР-ның терроризмге және экстремизмге қарсы заңдарын түсіндіру, Қазақстанның қазіргі таңдағы діни ахуалы жайлы мағлұмат беру. 

Дөңгелек үстелге: Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметкерлері, облыс әкімі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ, облыстық этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, дін істері, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшылары,  облыс ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы және факультет студенттері қатысты.


Ұлтаралық татулық-еліміздің рухани байлығы және жетістігі” атты іс-шара

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай, 21 қыркүйек 2016 жылы ТІ және ЖС департаменті және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының ұйымдастыруымен “Ұлтаралық татулық-еліміздің рухани байлығы және жетістігі” атты іс-шара болып өтті.


«Ар-намысым, мақтанышым, қасіретім-желтоқсан»

2016 жылдың 12 желтоқсан күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының конференц залында  Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығына орай «Ар-намысым, мақтанышым, қасіретім-желтоқсан» атты  дөңгелек үстел өткізілді. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің ұйымдастырылу мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің  сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, тәуелсіздік бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жастарға еліне, жеріне, ұлтына деген  патриоттық сезімін қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізді түсіндіру.


«Рухани келісім – бірлік бастауы» тақырыбындағы лекторий

17-қазан 2016 жылы сағат 15:00 де М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының мәжіліс залында  «Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай, 18 қазан – Қазақстандағы Рухани келісім күні аясында «Рухани келісім – бірлік бастауы» тақырыбындағы лекторий өткізілді. Лекторийді М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы,  Оңтүстік Қазақстан облысы Ассамблея хатшылығы және Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті ұйымдастырды. Лекторийдің ұйымдастырылу мақсаты Рухани келісім күнінің маңызы, мазмұны және қажеттілігін көпшілікке түсіндіру. Дінаралық, этносаралық, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар арасындағы келісімді нығайтуға, сондай-ақ, Рухани келісім күні қайырымдылық істерді дамытуға, ізгілік пен мейірімділікке жол салу.

Өткізілген іс-шараларда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат пен конфессияаралық қарым-қатынас саласындағы негізгі басымдықтар барынша жан-жақты түсіндірілді.


«1 желтоқсан – Тұңғыш Президенті күні: Ұлт Көшбасшысы, сарабдал саясаткер» атты дөңгелек үстел

2016 жылдың 23-қараша күні М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының мәжіліс залында «1 желтоқсан – Тұңғыш Президенті күні: Ұлт Көшбасшысы, сарабдал саясаткер» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің  Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды. 

Дөңгелек үстелдің мақсаты: бүгінгі таңда Қазақстан әлемдік қауымдастыққа демократиялық мемлекет ретінде танылды. Ауқымды игі істер Тұңғыш Президент Н.Назарбаевпен байланысты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу ел алдындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың атқарған еңбектерінің жемісі. Тұңғыш Президент Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев қазақстандық қоғамдағы келісім мен бейбітшілікке аса көңіл бөлді. Бұл біздің маңызды құндылығымыз, біздің негізгі міндетіміз оларды сақтау және қорғау.

Дөңгелек үстелге облысымыздың қоғам қайраткерлері, басқарма басшылары мен мемлекеттік мекеме басшылары, Президентіміз Н.Назарбаевтың курстасы қатысты. Дөңгелек үстел жоғары дәрежеде өтті.

Университеттің ғалымдары, оқу ордамыздың студенттік ректоры, қоғамдық бірлестіктердің және ардагерлерлер Кеңесінің өкілдері баяндама жасады.



Абзал Орымбетов | page