Skip to Content

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы

                

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің  Ғылыми Кеңесінің 2015 жылғы 30 қаңтарда №8 хаттама шешімімен құрылды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., құқықтану доценті Ғ.Қ. Маймақов

 

Қызметкерлер тізімі

 

Жаңалықтар

 

Кафедраның негізгі міндеттері:

- Елбасының және Қазақстан халқы Ассамблеясының этноконфессияаралық келісім, саяси тұрақтылық,  

толеранттылық мәселелері бойынша саясатын жүзеге асыруды университет көлемінде насихаттау;

- оқытушылар мен студент жастар арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын және

заңдарды түсіндіру;

-университет жастары арасында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық  патриоттық идеясының негізінде Қазақстан

халқының  бірлігін нығайту:

- этносаралық және дінаралық қатынастарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;

- университет ұжымында мемлекеттік және жалпы саяси мәні бар ресми мерекелерді өткізу;

-түрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық және теориялық конференциялар, семинарлар,  дөңгелек үстелдер,

лекторийлар өткізу;

- университеттің  маңызды бағыттары бойынша әлеуметтік сауалнамалар жүргізу;

- еліміздегі және әлемдегі орын алған саяси оқиғалар бойынша оқытушылар, тәлімгерлер және студенттер

арасында дәрістер жүргізу;

- облыстық, қалалық, аудандық, ішкі саясат құрылымдары, облыстық Ассамблея, «Қоғамдық келісім»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі, дін істері басқармасы т.б ұйымдармен бірлесе отырып іс-шаралар өткізу;

- Еліміздің қоғамдық-саяси өміріне арналған еңбектер, оқу құралдарын, кітапшалар, оқу-әдістемелік құралдар, оқу

бағдарламаларын т.б материалдарын  шығару;

- университеттің құрылымдық бөлімдеріне кафедраның негізгі бағыттары бойынша тұрақты түрде лекциялар оқу,

кездесулер өткізу және басқада қызметтер көрсетіп отыру. 

 

   Ғылыми жұмыстар

1. Қазіргі заманғы дінтану негіздері

2. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы

3. Қазақ жері тұтастығының қалыптасуы

4. Асанбай Асқаров –саяси қайраткер, ғалым,  жазушы 

5. Елбасы жолдаулары-Еліміздің даму өзегі

6. Қазақстан халқы Ассамблеясы- еліміздегі этносаралық келісімнің кепілі

7. Елбасы Жолдауы және « 100 нақты қадам-Ұлт жоспары» дағдарысты еңсеру мәселелері

8. Қазақстан Республикасындағы Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауы

9. «Нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру

10. 18 қазан -Қазақстандағы Рухани келісім күні.

Іс-шаралар

  1. ҚР Конституциясының 20-жылдығына арналған «Конституция тұрақтылық пен өркениеттің негізі» тақырыбындағы ғылыми –тәжірибелік конференция 28 тамыз 2015 жыл;
  2. «Қазақстан халқы Ассамблеясының» 20-жылдығына арналған ғылыми тәжірибелік конференция 16 қыркүйек 2015 жыл;
  3. Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған «Ұлы дала елі», тарихи-мәдени экспедициясының аясында обылс көлемінде кездесулер өткізу 1-5 қазан 2015жыл;
  4. «Қазақ хандығы-Тәуелсіз Қазақстанның негізгі бастауы және «Мәңгілік Ел» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  28 қазан 2015 жыл;
  5.  Хиджаб мәселесі туралы студенттер арасында лекция-әңгіме өткізу.
  6. «Терроризм  мен діни экстремизм» және «100-нақты қадам Ұлт жоспары» тақырыбында факультеттер арасында лекция өткізу;
  7.  «100 нақты қадам –Ұлт жоспары», Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен Ел- Үлкен Отбасы» бағдарламасына орай семинар –лекторийлар және «Мәңгілік Ел» идеясы этносаралық қатынас және қоғамдық ынтымақтастық контексінде» атты дөңгелек үстел  өткізу 8 сәуір 2016 жыл;
  8. «Жаңа Еңбек Кодексі: қолданылуы және қазіргі жағдайдағы проблемалары» тақырыбында семинар-лекторий өткізу 6 сәуір 2016 жыл;
  9. «Ұлтаралық татулық- еліміздің рухани байлығы және жетістігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу 17 қыркүйек 2016 жыл;
  10.  Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай 18қазан- Қазақстандағы Рухани келісім күні аясында « Рухани келісім-бірлік бастауы» тақырыбында лекторий өткізу 17 қазан 2016 жыл;

«Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 25 жылы» атты дөңгелек үстел өткізу желтоқсан 2016 жыл.

«Рухани келісім – бірлік бастауы» тақырыбындағы лекторий

17-қазан 2016 жылы сағат 15:00 де М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бас ғимаратының мәжіліс залында  «Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай, 18 қазан – Қазақстандағы Рухани келісім күні аясында «Рухани келісім – бірлік бастауы» тақырыбындағы лекторий өткізілді. Лекторийді М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы,  Оңтүстік Қазақстан облысы Ассамблея хатшылығы және Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті ұйымдастырды. Лекторийдің ұйымдастырылу мақсаты Рухани келісім күнінің маңызы, мазмұны және қажеттілігін көпшілікке түсіндіру. Дінаралық, этносаралық, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар арасындағы келісімді нығайтуға, сондай-ақ, Рухани келісім күні қайырымдылық істерді дамытуға, ізгілік пен мейірімділікке жол салу.

Өткізілген іс-шараларда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат пен конфессияаралық қарым-қатынас саласындағы негізгі басымдықтар барынша жан-жақты түсіндірілді.

 



Абзал Орымбетов | page