Skip to Content

«Қазақстан болашағының 50 есімі»

М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ғылым және зерттеу басқармасы 2016 жылдың 6 қаңтарында «Қазақстан болашағының 50 есімі» акциясының жеңімпаз-қатысушыларына «Unique Kazakhstan» журналының нөмірін табыстау шарасын ұйымдастырды.

«Қазақстан болашағының 50 есімі» акциясының аясында республика бойынша шығармашылықтың түрлі салалары бойынша үздік деген жұмыстар мен жетістіктер таңдалып алынды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ғылым және зерттеу басқармасы жанындағы жас инженерлер мен дизайнерлердің «АРХИМЕД & Perpetuum mobile» Кіші Академиясы осы акцияға біздің өңірдің оқышуларының қатысуын ұйымдастыруға белсенді түрде атсалысты. Осы іс-шараның нәтижесінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ғылым және зерттеу басқармасы жанындағы жас инженерлер мен дизайнерлердің «АРХИМЕД & Perpetuum mobile» Кіші Академияның жас дарындарының төмендегі төрт жұмысы «Қазақстанның болашағының 50 есіміне» енді.

- Станислав Ковченко

- Нуржан Канторе

- Ернур Ибрагимов

- Максим Беляков

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға үлкен жетістіктер мен табыстар тілеймін!

 



Абзал Орымбетов | news