Skip to Content

«Украина мемлекеттік химиялық-технологиялық университеті және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық» атты онлайн-конференция

2017 жылдың 27 маусымында «Украина мемлекеттік химиялық-технологиялық университеті және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық» атты онлайн-конференция өтті.

Конференцияға екі университеттің де басшылығы, бөлім жетекшілері, ғалымдары мен ОПҚ қатысты. Конференция барысында ынтымақтастықтың басым бағыттары, екіжақты ғылыми-зерттеу жобаларды ұйымдастыру, магистранттардың тағылымдамадан өтуі, докторлық жұмыстарға екіжақты жетекшілік ету, академиялық ұтқырлық аясында ОПҚ, студенттер мен магистранттардың  екіжақты тағылымдамалары (біліктілікті арттырулары) және білім алуы, сонымен қатар ғалымдар үшін екі университетте шығатын ғылыми журналдарда жариялану шарттары талқыланды және анықталды. 



Абзал Орымбетов | news