Skip to Content

«Нұрлы жол – бағдарламасын жүзеге асыруда жас ғалымдардың үлестерін қосу»

          М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 2015 жылы сәуір айының 8-10 жұлдызында «Нұрлы жол – бағдарламасын жүзеге асыруда жас ғалымдардың үлестерін қосу» атты жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша 18-ші студенттік ғылыми конференциясы өткізіледі. Конференция аясында Қазақстан ғалымдары және Бүкіләлемдік ғылым күніне орай Қазақстан Республикасының жас ғалымдары мен студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары жетістіктерінің нәтижесі қаралады.

         Конференцияға Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері, Шымкент қаласының мектеп оқушылары, атап айтқанда №50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясы, № 61 жалпы орта мектеп, №38, №23 мектеп-гимназияларымен Сарағаш ауданынан, Абай ауылының №114 Т.Бегманова  орта мектебінің оқушылары қатысты.

         Пленарлық мәжілісте үш тілді білім, ұлттық мәдениет, техникалық салалар және жас зерттеушілердің аймақ және Қазақстан Республикасының инновациялық дамуына қосар үлесітері туралы, ЭКСПО-17, G-Global, Қазақстан - 2050 мәселелер талқыланды.



Абзал Орымбетов | news