Skip to Content

«Жүз нақты қадам. Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» - еліміздің индустриалдық-инновациялық дамуындағы стратегиялық жолы - атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы – өткізілді

2015 жылдың қазан айының 30 күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Жүз нақты қадам. баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» - еліміздің индустриалдық-инновациялық дамуындағы стратегиялық жолы - атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция өткізудің мақсаты технологиялық машиналар мен жабдықтар, мұнай-газ ісі, механика және машинажасау, стандартизация мен сертификация, химиялық технология, тіршілік қауіпсіздігі мен жаңартылған энергетика аумағы бойынша ғылыми зерттеулер нәтижесін талқылау болып табылады.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Механика және мұнай-газ ісі» факультет кафедрасының  даму келешегі  мен ғалымдарының жаңа  зерттеулері ғылыми  қоғамдастыққа таныстырылды.

1. Жылжымалы мен тұрақты саптамасы бар массаалмасу және шаңұстағыш аппараттардың даму  келешегі.

2. Мұнай-газ саласы үшін мамандарды дайындау – стратегиялық міндет.

3. Қазақстан Республикасы стандарттауының ұлттық жүйелерін құру – болашаққа бастар жол

4. Оңтүстік Қазақстан облысы үшін механика және машинажасау саласында зерттеушілерді даярлау.

Конференцияға 74 тен астам  мақала түсті, шетел ЖОО мен ғылыми мекемелерінен 3, шетел ғалымдарымен бірлескен мақалалар 1, оның  69-ы М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен. Конференция материалдарынан 1 том жинақ шығарылды.Пленарлық және секциялық мәжілістерде 20 баяндама тыңдалды.



Абзал Орымбетов | news