Skip to Content

Ғылыми жаңалықтар

АҚШ зертханаларында жазғы сынақ мерзімін өту – жаратылыс және ғылым салаларында ғалымдардың жаңа буынын дайындау бағдарламасы басталды

     Shakhmardan Yessenov Foundation ғылым және білім беру қоры АҚШ университеттерінде қызмет көрсететін қазақстандық ғалымдар тобымен бірлесіп, докторантураға түсуге ынталы студенттерге арналған АҚШ зертханаларында жазғы сынақ мерзімін өту бағдарламасын іске асырады. Бағдарлама 22 қазан 2013 ж. басталады, ал сынақ мерзімі 2014 ж. мамыр айынан қыркүйегіне дейін өтеді. Бағдарлама мақсаты – болашақта ғылыми қызметпен айналысып, елінің ғылыми әлеуетін дамытқысы келетін дарынды қазақстандық студенттерді іздеу, іріктеу және қолдау...

Республикалық СҒЗЖ конкурсы

     Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті 2013-2014 оқу жылына жаратылыстану, техника, әлеуметтік-гуманитарлық және экономика ғылымдары бойынша ҚР жоғары оқу орындарында жылсайынғы Республикалық СҒЗЖ конкурсын жариялайды.

 

     Республикалық СҒЗЖ конкурсы 3 деңгейде өтеді:

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-не 70-жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

     2013 жылдың 25-26 қазанында  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде университеттің құрылғанына 70-жыл толуына арналған «Қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы тәуелсіз қазақстанның ғылымы, білімі мен мәдениетінің дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті...

Төле би Әлібекұлының 350 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференциясы

     2013 жылдың 24 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және «Төле би» қайырымдылық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдағы  Қазақ мемлекетінің тұтастығын нығайтушы тарихи тұлға Төле би Әлібекұлының 350 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ елінің тұтастығы мен дамуындағы Әз Төле бидің тарихи қайраткерлік ролі» (тарихи ізденіс, жаңаша зерттеу, жаңа көзқарас)  атты  республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өтті...



Абзал Орымбетов