Skip to Content

Халықаралық байқаулар мен хабарландырулар

Корей Үкіметі 2013-2014 оқу жылына Қазақстан азаматтарына стипендияларды ұсынады

     Корей Үкіметі 2013-2014 оқу жылына KDI School of Public Policy and Management оқу орнына ерекшеленген Қазақстан азаматтарына стипендияларды ұсынады...  

Магистратура бағдарламасы бойынша Словакия Республикасының жоғары оқу орындарында оқу

     Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Словакия Республикасы Үкіметі 2013-2014 академиялық жылдарға магистратура бағдарламасы бойынша Словакия Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға бір стипендия бөлетіндігін хабарлайды...

Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісінің ОҚМУ-ға сапары

     2013 жылдың 4 сәуірінде Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Жан-Шарль Бертонэ  және Қазақстандағы Франция елшілігі қорғаныс атташесі Кристиан Бартлен Оңтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары аясында М. Әуезов атындағы ОҚМУ ат басын бұрды. Сапар барысында университет басшылығымен кездесу ұйымдастырылып...

''Ғылым, технология, қоғам және нобелдік қозғалыс"

Халықаралық Ақпараттық Нобелдік Орталықтың 25 жылдығы

''Ғылым, технология, қоғам және нобелдік қозғалыс"

Нобель сыйлығының иегерлері және Нобелистика саласындағы ғалымдардың

Халықаралық Нобелдік Конгрессі

(Оныншы Халықаралық Конференция)

2013 жылдың 23-27 қазан, Тамбов, Ресей

IAESTE

    IAESTE - Инженерлік мамандықтар бойынша студенттік тағылымдамалармен алмасу халықаралық ассоциациясы тағылымдамадан өтуге бос орындар тізімі жөнінде хабарлайды...

Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға конкурс жарияланады

     Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Білім министрлігі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім негізінде 127 грант (бакалавриат, магистратура және тілдік даярлау бағдарламалар бойынша) және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-елдер Үкіметтері арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім негізінде 12 грант (бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша) Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға конкурс жариялап отыр.

Литвалық ЖОО-да білім алу және литвалық тіл мен мәдениетін үйренуге жазғы курстары

     Қазақстан Республикасындағы Литва Елшілігі 2013-2014 оқу жылдарына арналған Литвалық мемлекеттiк стипендиясына қатысты литвалық ЖОО-да білім алу және литвалық тіл мен мәдениетін үйренуге жазғы курстарға қатысу үшін студенттерге, оқытушы, ЖОО және ғылыми ұйым қызметкерлеріне  конкурс жариялайды.

«Болашаққа» egov.kz арқылы жет!

    2013 жылдың 18-ші ақпанынан бастап ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлерден құжаттар қабылдау басталды...

«Болашақ» халықаралық стипендиясы

    Назар аударыңыздар! ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының  барлық  үміткерлеріне!!!

    ҚР Білім және Ғылым министрінің бұйрығымен  2013 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлерден құжаттар қабылдаудың және аталған конкурсты өткізудің төмендегі мерзімдері белгіленді:

Байқау

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФРАНЦИЯ ЕЛШІЛІГІ

Мәдениет және байланыстар орталығы

Алматы француз альянсы - Астана француз альянсы

Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы ОҚМУ-ң Француз  оқу залы

Байқау жариялайды



Абзал Орымбетов